139

Бүгін «Ұлағат» әкелер мектебінің жетекшісі Тимур Бауыржанұлының ұйымдастыруымен ер балалармен темекі шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың зияны, оның алдын алу туралы әңгімелер жүргізу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдық қасіреттің алдын алу, есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін, ұлттық сананы улайтындығын түсіндіру, сондай-ақ, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және игі қасиеттерді бойына жинап, кітап оқуға шақыру болып табылады.

Іс-шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының валеолог маманы Байдусенова Кенже Жүзбайқызы, «Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелері қатысты. Іс-шара барысында нашақорлықтың зияндығы туралы бейнебаян ұсынылды.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының валеолог маманы Байдусенова Кенже Жүзбайқызы жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, денсаулық - адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін, оны бағалай білуді, темекі шегудің, ішімдіктің, нашақорлық індетінің зардаптары қаншалықты ауыр екенін түсіндірді. «Салауатты өмір салты - бақытты өмірдің кепілі» деп, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы екенін айта кетті.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу соңында студенттер үлкен позитивті эмоциялар алғанын, шынайы әңгімелер ұнағанын атап өтті. Бұл кездесу студенттердің өздеріне деген сенімділігін арттырып, өз ойын жеткізуге көмектесті.

140

141